Жылы лебіздер топтамасы (Естеліктер)



Естеліктер.

         Тобық ағам өмірдің талай өткелдерінен өтіп, тағдырдың да тауқыметін көріп өсті. Аса зеректігінің пайдасы шығар, көңіліне көптеген көркем ой ұялатып, оны тоғыз толғаудан елеп өткізіп, творчестволық шығармаларға арқау етті.  Көп жасамағанмен, көпті көріп өсті. Туған жердің табиғатына тәнті болып, оның терең тарихына үңіле білді.

                                                           Әсем Жармағамбетова.

    Тоқаң прозаны нағыз поэзия деп түсініп, тебірене де, толғана, қай тақырыпты алса да, оны жақсы меңгеріп, жеріне жеткізе жазатын.  Әр туындысы тілі жеңіл, құрылымы шымыр, идеясы айқын, қарапайым сыршылдығымен, нәзік лиризмімен шебер өрілетін. Оқырманға шығармаларының  шынайы әсер ететіні сондай, қайталап оқудан жалықпайсың. Әр оқыған сайын түрліше көркемдік шешім, рухани ләззат табасың. Бұл шыңдалған шеберліктің шын белгісі болып табылатын ерекше қасиеттер еді.

                                                              Сәндібек Әлібекұлы.

Тобық жармағамбетов – қазақ ұлтының кешегісі ғана емес, ертеңімен де қол ұстасып бірге кетеін тұлға.

                                                                         Сабит Баймолдин.

    Тобық Жармағамбетов оқушы қауымды өзіндік үнімен селт еткізеп, жұртшылықтың мол ықылас-пейіліне ие болып келе жатқан жазушы еді. Оның жаңа басталып келе жатқан творчествосы әдебиетіміздің мөлдір бір бұлағындай сылдырлаған нәзік әуен танытқан. Аз өмірінің ішінде беріп үлгерген алғашқы кітаптары осының куәсі еді. Өкінішке орай оның арман-мақсаты биік творчестволық жолы ұзақ болмады. Нағыз гүлдеп келе жатқан шағында қыршын кетті. Алайда артында аз да болса асыл еңбектері қалды. Бұл жинаққа Тобықтың бұрын жарияланбаған бір топ повестері  мен әңгімелері енді. Бұл шығармаларының негізгі тақырыбы – адамгершілік, достық, айнымас махаббат.
                                                                              Ертай Ашықбаев
   Бойындағы күш-қайратын, білімі мен қабілетін қаншалықты жмісті, қаншалықты ұтымды, қаншалықты орынеды пайдаланғанын оның шығармаларын шын түсінгендер бағалар. Біздің парызымыз бен қарызымыз – оның еңбектеріне қысқаша шолу жасау. Біз соны орындауды мирас еттік. Тобықтың алтын кездігін тот баспасын.   
    

                                                                      Ниетжан Беріков.

Комментариев нет:

Отправить комментарий