Талантымен танылған тұлға
Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз
байлығымыз болса, ал кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір.
Барлық кітапханаларда кітап оқуды насихаттау, оқырмандарды кітапханаға тарту, оқу
мәдениетін қалыптастыру, жалпы оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында
халықаралық, республикалық, өлкелік кітап акциялары жүріп жатыр.
Осы орайда облысымызда 2011 жылдан бастап ең үздік
өлкелік әдеби туындыларды насихаттау мақсатында «Оқитын өлке» акциясы қолға
алынды. Акцияға 2011 жылы Ғалым Ахмедовтің
«Жем бойында» атты тарихи романы, 2012 жылы ақын Мұхтар Құрманалиннің «Жұлдызды
жорық» кітабы, 2013 жылы мерейтойымен тұспа – тұс келген қазақ әдебиетінің
классигі драматург Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романы таңдалды. Биыл
таңдау қазақтық рух пен далалық дүниетанымды діңгек еткен шұрайлы шығармаларымен
ұлттық рухани мәдениетіміздің қазынасын байытқан жазушы Тобық Жармағамбетовтің
шығармалары таңдалды. Аудандық
кітапхананың ұйымдастыруымен «Жемнің ақ
желкені» атты әдеби – портреттік кеш ұйымдастырылды. Кешімізге Шұбарқұдық
гимназиясы, №1 Шұбарқұдық мектеп гимназиясы, № 3,№4 Шұбарқұдық орта мектеп оқушылары,
ұстаздары, аудан жастары белсене қатысты.
Кештің ашылуын кітапхана директоры Жұмағалиева Асия Нұрқасымқызы «Оқитын
өлке» акциясына байланысты ұйымдастырылып өткізгелі отырған мерекеде сөз сөйлеп
кеш қонақтары мен кітап сүйер қауымды құттықтап, акцияның мақсаты туралы айтып өтті.
Кеш жүргізушісі Ізбағанбетова Айдана Тобық
Жармағамбетовтың өмірі мен шығармашылығына тоқтала келе жазушының шығармаларынан
үзінділер, монолог, жазушыға арналған арнау өлеңдерін мектеп оқушылары мәнерлеп
оқыды. №3 Шұбарқұдық орта мектебінің 7 сынып оқушысы Кәрім Жасұлан, Шыңғыс Мөлдір
«Тобыққа», «Тобықты еске алу», Қопа орта мектебінің 10 сынып оқушысы Садықова
Арайлым «Тобыққа сағыныш», «Жарқамысқа», Шұбарқұдық гимназисының 9 сынып оқушысы
Қамза Еркежанның «Нәзік бұлттар» повесінен оқылған монолог көрермендердің ыстық
ықыласына бөленді.
№4 Шұбарқұдық орта
мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қоштанбекова Рыскүл қаламгерлердің
екі өмірбаяны болатыны мәлім екенін, оқырмандарға осы екі өмірбаян да таныс
болатынын, көзін көргендер мен аралас – құралас болғандар тірліктегі жаркын
бейнесін еске түсірсе, әдеби туындыларын оқығандар биік тұлғаның ой сезімі мен
парасатын ақ қағазға түсірген жолдары арқылы пайымдайтынын, ол жазушылық үшін
туды, жазушы боп өмір сүрді, жазушы қалпында дүниеден өткенін айтты. Рыскүлдің
шәкірттері облыстық, аудандық ғылыми жобаға қатысып, Тобық шығармалары бойынша
жүлделі орынға ие болған Шакратова Ақнұр мен Түгелова Әсем өздерінің зерттеген
еңбектерін көпшілікке ұсынды.
Бұдан кейін сөз алған кеш қонағы
«Шапағат» іскер әйелдер клубының төрайымы
Гүлжан Тәуірбайқызы – әр
кітаптың өз құндылығы бар, мазмұны терең кітапты оқи отырып шығарма кейіпкеріне
сүйсініп, жақсысын үйреніп, жаманынан жиреніп еш уақытта маңызы жойылмайтын
асыл – қазынаны кейінгі ұрпаққа білімнің, адалдықтың кілті ретінде насихаттап жүрген
кітапханашыларға үлкен рахмет айтып табыстар тіледі. Барша оқырман қауымды
артына өшпес мұра қалдырған Тобық шығармаларын оқуға шақырды.
Бұл кештің бір ерекшелігі Қопа модельді ауылдық
кітапхананың кітапханашысы Ибрайымова Маржанның Ақтөбе қаласына арнайы барып Тобық Жармағамбетовтың қарындасы Әсем Жармағамбетовамен
кездесіп, сұхбат алған сәтін бейне таспа арқылы көрсетіп таныстырса, аудандық
кітапхананың «Талантымен танылған тұлға» атты слайдтың көрсетілуі сәтті шықты.
Кеш Ертай Ашықбаевтың жазушы досының
рухына арналған «Нәзік бұлттар» әнімен аяқтай келе, халқы үшін қалам қуатын
аямай қызмет еткен, өмірден ерте кеткен жазушысын қалың оқырманы қаламгердің
сексен жылдық мерей тойын – әдебиетіміздің мерекесі деп атап өтпек. Жазушы бақытының
өзі осында болса керек.
АОК жүйесінің аға кітапханашысы: Кенжебекова М.
Темір
аудандық орталық балалар кітапханасының 2014 жылғы облыстық «Оқитын өлке» акция
аясында талантты жазушы Тобық Жармағанбетовке арналған «Жемнің жарық жұлдызы»
атты әдеби – портреттік кештің хабарламасы
Аудандық орталық балалар кітапханасында
«Оқитын өлке» акция аясында талантты жазушы, жерлесіміз Тобық Жармағанбетовтың
80 жылдық мерейтойына арналған «Жемнің жарық жұлдызы» атты әдеби – портреттік кеш өтті. Кештің
мақсаты: жыл бойы ең үздік туындыны, жергілікті ақын – жазушылардың
шығармаларын насихаттау, кітапқа деген
қызығушылығын арттыру.
Кешті ашу үшін сөз кезегі аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің
директоры Ә. Нұрқасымқызына берілді. Әсия Нұрқасымқызы оқырман қауымға
жазушының қазақ әдебиетін дамытудағы үлкен еңбегі сарқылмас мол қазына, баға
жетпес мұра екенін айта отырып, «Оқитын өлке» акциясының мақсатына тоқталып
өтті. Кеш барысында №1 мектеп гимназиясының 4а сынып оқушылары талантты жазушы
Тобық Жармағанбетовке арналған арнау өлеңдерін жатқа оқыса, 1ә сынып оқушылары
Т. Жармағанбетов туындысындағы нақыл сөздерін оқырман қауымға нақты жеткізе
білді. Нұрпейіс Байғаниннің аса дарынды халық ақыны болғаны баршамызға белгілі.
Жазушының «Бәйтеректің жас шағы» повесінде – ақын, жыршы Н. Байғаниннің балалық шағы, өнердегі алғашқы
өмірі баяндалады. №3 Шұбарқұдық орта мектебінің 7 сынып оқушысы Азамат
Сұлтанәлі мен №4 Шұбарқұдық орта мектебінің 6 сынып оқушысы Нұрлан Нұрдәулет
Нұрпейіс Байғаниннің образын сомдап, өнерімен тәнті етті. Жазушының бір повеске
пара – пар «Отамалы» әңгімесін Шұбарқұдық гимназиясының 10 сынып оқушысы
Төреғалиев Бауыржан Отамалы қойшының азалы өмірін өз ойымен жеткізіп, көрермен
көңілінен шықты.Сонымен қатар кеште
жазушы өмірінен құралған естелік суреттерден слайд көрсетілсе, өнерлі
оқушыларымыз күй тарту етті. Сондай – ақ
«Жарқамыстан ұшқан жас қанат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге жазушының өз шығармаларымен қоса, қаламдастарының арнау өлеңдері, естелік
суреттер қойылды. Оқырмандар кітап көрмесін үлкен қызығушылықпен тамашалады.Кеш
соңында аудандық орталықтандырылан кітапхана жүйесінің директоры Жұмағалиева
Әсия Нұрқасымқызы кешімізге белсене
қатысқан оқушыларды алғысхатпен марапаттап, сыйлықтар табыс етті.
Темір аудандық балалар
кітапханасының әдіскері:
Шипалақова Г.
«Табиғатымен тамырлас туған талант»
23 сәуір
күніАқтөбе облысы «Оқитын өлке» акциясына
қазақ әдебиетіне із қалдырған көрнекті жазушы Тобық Жармағамбетовтің
шығармалары бойынша «Табиғатымен
тамырлас туған талант»атты әдеби-портреттік кеші аудан қонақтарының
қатысуымен өткізілді.
Мақсаты: ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген
туындыларды оқу және насихаттау, рухани мұрамызды сақтау, оқырманды кітап оқуға деген
қызығушылығын арттыру,өлкеміздегі ақын, жазушыларды таныстыру.
1995 жылы 23
- сәуір «Халықаралық кітап күні» деп жарияланды. Осы кітап күнімен тұспа-тұс
келген кештің ашылу салтанатын Аудандық орталықтандырылған кітапхана директоры
Жұмағалиева Әсия Нұрқасымқызына және Жасөспірім балалар бөлімінің меңгерушісіКенжебекова
Маржан Мұханқызына сөз берілді. Барша жиналған оқырман қауымды кітап күнімен құттықтап, акцияның ашылуын
жариялады. Жазушы Т.Жармағамбетовтің балалық шағы,өмір жолдары,
еңбектері туралы жазушының туған қарындасы Әсем Жармағамбетованың шаңырағына
барып, сұхбат жүргізген болатынмын. Сол бейнебаянды көрермендер экран тақтасы
арқылы тамашалады. Кеш жалғасын Сайын Азизаның кітап күніне және «Оқитын өлке» акциясына
арнаған жүрек жарды жырларымен, ақын
М.Құрманалиннің «Тобыққа», Ж.Айжанұлының «Тобық сағынышы», «Жарқамысқа»,
Е.Дүйсенбаевтің «Тобық туралы ойлар», Н.Қалауовтың «Арнау» т.б ақындардың арнауларын А.Дариева, А.Ниетқалиева Зайнуллина.А т.б
өлеңдерді нақышына келтіре, мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар жазушының «Отамалы», «Қызыл ай», «Қара жаңбыр», «Бәйтеректің
жас шағы» атты повестерінен жатқа үзінді айтып, эсседе жазған болатын. Жазушы туған жеріне арнап жазған
«Жарқамыс деген бір жер бар»әні және ақын Е.Ашықбаев жазушының рухына арнаған «Нәзік
бұлттар»әні ақтөбелік сазгер,әнші О.Байсеңгірдің орындауында тыңдалды. Жазушының
жерлесі Б.Тәжібаевтің «Ақбұлақ», «Туған жер» әндерін клуб меңгерушісі
Г.Байдышева, Д.Есбосынның орындауында көрермен қошеметіне ие болды. Қортынды
сөзді Жастар саясатының бөлім маманы Аяшов Ырысбай, ауданық кітапхана директоры
Әсия Нұрқасымқызы, әдіскер Айдана
Ерсарықызы сөз сөйлеп қатысушыларға өз ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта
биіктерден көрініп, тәуелсіз елдің беделді азамат болуларына тілек білдірді. «Үздік шығарма», «Үздік эссе»
но- минациясымен «Қара жаңбыр» повесін
насихаттағаны үшін 6 - сынып оқушылары Ө.Байзақ,
Л.Қошамбетова, белсене қатысқаны үшін А.Садықова, А.Байбақтина, Д.Байдышева
марапатталды.Сонымен қатар барлық қатысушыларға да сыйлықтар табыстады. Кеш
соңында жиналған көпшілік «Жарқамыстан
ұшқан жас қанат - Тобықжан» атты кітап көрмесін тамашалап, көтеріңкі көңіл -
күймен тарқасты Тобық кетіп бара жатыр арамыздан ертерек, Қастерлейік, қалмасын
деп аруағы өкпелеп. Ал,әлеумет, ұмытпаңдар Тобықжанды ешқашаш, Жүрейікші
шығармасын насихаттап біз демеп – деп баршаңызды жазушы Т.Жармағамбетовтің
шығармаларын оқуға шақырамыз.
Қопа
ауылдық модельді кітапханасының
кітапханашысы: М.Ибраймова
Комментариев нет:
Отправить комментарий