Құрметті кітапсүйер оқырман қауым!
Талғампаз оқырман қауымның рухани қажетін өтеп, ойына орнығатындай тамаша туынды жазу үшін қаламгерге үлкен дайындықпен бірге жалынды жүрек керек. Уақыт сынынан өтетін ондай шуақты шығарма ойы терең, қиялы ұшқыр, құлашы кең, жаны жомарт нағыз сөз зергерінің қолынан келеді. Осындай жазушымыздың бірі – Тобық Жармағамбетов.
Биылғы жылы «Оқитын өлке» акциясы аясында сарапқа салынған бірнеше шығармалардың ішінен оза шыққан жерлес жазушымыз Тобық Жармағамбетовтың шығармалары оқуға ұсынылды.
Барлық уақытта туған әдебиетіміздің төрінен лайықты орын ала алатын, дара дарнымен туған, өзіндік қасиет-болмысымен айырақшаланған Тобық ағамыздың аз болсада артына өшпестей мұра етіп қалдырған шығармаларын насихаттап, кейігнгі ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз. Ол әдебиет әлемінде жарқ етіп көрінді де, жанып үлгере алмай, беретінінің бестен бірін бере алмай, ерте дүние
салды. Табиғаттың өзі толғатып туған тамаша таланттың бар асылы бойында кетті.
Соңғы сөзі қаламының ұшында қалды. Сондықтан да ол – ешқашан ұмытылмауға тиіс жазушы!
Ендеше, Сіздерді әдебиет әлемінде шұрайлы шығармаларымен бестен бірін бере алмай, ерте дүние салды. Табиғаттың өзі толғатып туған тамаша таланттың бар асылы бойында кетті. Соңғы сөзі қаламының ұшында қалды. ұлттық рухани мәдениетіміздің қазынасын байытқан Тобық Жармағамбетов пен Сағи Жиенбаев туындыларын оқуға шақырамыз!
Оқиық! Құрметтейік! Білейік!